«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

73 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ БАЛА ҚАМҚОРЛЫҚТА

Бүгінгі таңда аудан бойынша 73 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Оның 65-і қорғаншылыққа алынып, 8-і патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.

Осы балалардың құқықтарын қорғау үшін ведомствоаралық әрекеттестік шеңберінде, білім бөлімінің жоспарына сәйкес әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Өмірдің қиын жағдайларына тап болған балаларға жедел консультативтік, психологиялық қолдау көрсету үшін білім бөлімінде және барлық мектептерде де сенім телефондары жұмыс жасайды. — Аудан әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияда өмірдің қиын жағдайындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, сәтсіз отбасыларда тұрып жатқан кәмелетке толмағандарға жағдай жасау, жасөспірімдер суициді және балалар мен жастар арасындағы суицидтік мінез-құлық проблемалары т.б. мәселелер қаралып, тиісті шаралар қабылданып отырады, — деді аудандық білім бөлімінің басшысы Ғайни Нұрсұлтанова.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

admin_mugalzhar

Дүниежүзілік банк сарапшысы Қазақстандағы қашықтан білім беру жүйесіне баға берді

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАРЛЫҚТАР АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.