«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жандарбек Бекшин: Карантин аяқталғаннан кейін де сақтық шараларын жалғастыру керек

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгінгі онлайн-брифингте: «Карантин режимі біткен кейін де тұрғындар өздерін оқшаулап, сақтық шараларын күшейту керек. Босаңсуға әлі ерте»,  деді.

Бас санитардың мәлімдеуінше, Алматыда 19 мыңнан астам медицина қызметкері коронавирусқа қарсы жаппай  тексеруден өткен. Сонымен қатар әскерилер мен әлеуметтік топтағы адамдарды да тексеру жүргізіліп жатыр.  Алдағы уақытта халық толықтай COVID-19 қарсы тексеріле алады. Бүгінге дейін Алматыда 77 мыңнан астам тесті алынған. 

«Халықты жаппай тестілеу басталды. Осы күнге дейін  77 мың тесті өткізілген. Оның  22 мыңы жедел-тест. Қазіргі сәтте Алматыда 2 мың тесті шығарылып жатыр. Алдағы уақытта оның санын 3 мыңға дейін көбейту шаралары жүргізіліп жатыр. Карантин режимі аяқталғанан  кейін де оқшаулану мен қорғаныш құралдарын  пайдалануды әліде жалғастыру  керек. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, масканы міндетті түрде тағу керек», – деді  Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, жасалатын тесті көлемін ұлғайту үшін 10 мобильді аурухана, тестінің нәтижесін жылдам шығару үшін 6 зертхана жұмыс істеп жатыр.  Алдағы уақытта олардың санын 8-ге  жеткізу көзделген.

Сондай-ақ, бас санитар сауда орындарында тұтынушы мен кассирдің арасындағы талапты да қатаң сақтауды ескертті.

egemen.kz

Ұқсас ақпараттар

ӘКЕМІЗ «СОҒЫС» СӨЗІН АЙТТЫРМАЙТЫН

admin_mugalzhar

Тұтынушылардың 11 пайызы ғана құқығын қорғау үшін меморгандарға жүгінеді — вице-министр

admin_mugalzhar

Қазақстанда карантин режимі қандай жағдайда жеңілдетіледі?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.