«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Грузияда қарашаға дейін әуе қатынасы жанданбайды

Грузия тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруге байланысты тыйымды 1 қарашаға дейін ұзартты. Хабарламаны елдің Азаматтық авиация агенттігі таратты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Тұрақты халықаралық әуе тасымалдарын жүзеге асыруға шектеу мерзімі ұзартылды және бұл 2020 жылдың 31 қазанына дейін қолданылады», — делінген агенттік хабарламасында.

Новости-Грузия ақпараты бойынша, шектеу тек үш бағытқа қатысты емес — тамыздан бастап Париж, Мюнхен және Ригадан Тбилисиге рейстер ұшады, жолаушылар Грузия астанасынан осы қалаларға бара алады. Аптасына екі рет Тбилисиден Мюнхенге рейстерді — Lufthansa, Парижге — Air France, Ригаға — Air Baltic әуе компаниясы жүзеге асырады.

Грузия наурыздан бастап коронавирус пандемиясына байланысты барлық елмен тұрақты рейстерді тоқтатты. Үкімет халықаралық саяхатшыларды 1 шілдеден бастап қабылдауға уәде берген еді, бірақ содан кейін әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделілігіне байланысты тұрақты халықаралық рейстердің ашылуы 1 тамызға дейін кейінге қалдырылды. Содан кейін бұл мерзім 1 қыркүйекке, кейін — 1 қазанға, ал қазір — 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Үкімет рейстер ашымауының себебі коронавирустың таралу қаупіне байланысты екенін айтты және бұл «азаматтардың денсаулығына қамқорлық» деп мәлімдеді. 

Ұқсас ақпараттар

КТО СКРЫВАЕТСЯ ЗА КАДРОМ?

admin_mugalzhar

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ОБЛЫС ӘКІМІ МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.