«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРІКТІЛЕР ІСІ — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ

БҮГІНДЕ ЕЛДЕ ВОЛОНТЕРЛЫҚТЫҢ 7 БАҒЫТЫ БОЙЫНША ТҮРЛІ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНЫП, ОҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТТАР БӨЛІНУДЕ. ВОЛОНТЕРЛЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУДЫ МАҚСАТТҰТҚАН ӘРТҮРЛІ БАЙҚАУЛАР ДА ЕРІКТІЛЕР АРАСЫНДАҒЫБЕЛСЕНДІЛІККЕ ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ БІРІ — РЕСПУБЛИКА БОЙЫНША ӨТКЕН «BIRGEMIZ_QAMQOR» БАЙҚАУЫ. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 68 ЕРІКТІ ТҮРЛІ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУ МАҚСАТЫНДА 300 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ ШАҒЫН ГРАНТҚА ИЕ БОЛДЫ. ОНЫҢ ІШІНДЕ МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ЕРІКТІ ӘСЕМГҮЛ ҚАУЫМБАЕВАНЫҢ «ІСІ — ҮЛГІ. ӨМІРІ — ӨНЕГЕ» АТТЫ ЖОБАСЫ ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН ТАБЫЛДЫ.

Бүгінгі таңда белсенді жас мотивациялық бейнероликтер түсіруде. Бұндағы мақсаты — қамқорлыққа мұқтаж жандар мен қарттарға көмек қолын ұсына отырып, жастарды волонтерлыққа тарту. — Жобаның ережесіне сәйкес, бірінші транштан түскен 150 мың теңгеге камера сатып алдық. Бүгінгі таңда жұмысты бастап кеттік. Жастарға үлгі болатындай мағыналы да мәнді видеолар мен слайдтар түсіріп жатырмыз. Ал екінші транштың ақшасына ноутбук сатып алуды жоспарлап отырмыз. Еріктілер қарттарға көмектесіп қана қоймай, студияда шығармашылығын дамытып, видео түсіруге арналған техниканы да меңгеріп, тәжірибе жинақтайды. Жобаның мақсаттарының бірі — қарттарымыздың өмірлерінен алынған тәрбиелік маңызы бар түсірілімдерді насихаттау, — дейді Жастар ресурстық орталығының маманы Әсемгүл Қауымбаева. Сонымен қатар еріктілер аталған жоба аясында «Ардагерлерімізді ардақтайық» атты акция ұйымдастырды. Олар Қандыағаш қаласында тұратын 80 жастағы әжейдің үйіне барып, тазалық жұмыстарын жүргізіп, түскі асын дайындап, қарияның батасын алды.

Ә.ӨМІРТАЕВ

Ұқсас ақпараттар

До 3 млн тенге безвозмездно получат предприниматели Актюбинской области

admin_mugalzhar

КҮМІСТЕН АЛҚА ТАҚҚАН ҰЛБОЛҒАН

admin_mugalzhar

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз алтыншы сессиясын шақыру

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.