«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰМЖАРҒАНҒА КӨМЕК ЖЕТТІ

Бірнеше күн бұрын Құмжарған ауылында оқыс оқиға орын алып, тұрғын үй өртенген болатын. Бүгінде қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек беріп, қолдау көрсетіп жатқан жандар да бар. Солардың бірі — аудандық медиаторлар кеңесінің мүшелері ұйымдастырған гуманитарлық көмек керуені Құмжарғанға барып, зардап шеккен отбасылармен кездесті. — Ақтөбе облыстық медиатор — лық орталығы жанынан құрылған аудандық медиаторлардың қайырымдылық шарасын ұйымдастырып жатырмыз. Осы шара аясында аудан медиаторлары Құмжарған ауылына барып қайттық. Тұрғындарды көзімізбен көріп, бүгінгі жағдайымен таныстық. Оларға азық-түлік, тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешектер апарып, көмегімізді көрсеттік. Бұл қайырымдылық шарасы жалғасын табатын болады, — дейді кәсіби медиатор, заңгер Гүлзия Иманбаева. «МҰҒАЛЖАР-АҚПАРАТ»

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісім жасады

admin_mugalzhar

Әр өңірде нақты іс-қимыл жоспары болуға тиіс – Үкімет басшысы

admin_mugalzhar

Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады

admin_mugalzhar