«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Болатбек ШАҒАЛБАЕВ: CАНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТЫ САҚТАУ — АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ

БІЗДЕ КӨКТЕМНІҢ БАСЫНДА БАСТАЛЫП, ЖАЗДА ЕЛДІҢ ЕСІН ШЫҒАРҒАН КОРОНАВИРУС ІНДЕТІНІҢ ТАРАЛУ ДЕҢГЕЙІ ДӘЛ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ТҰРАҚТАЛДЫ. ДЕГЕНМЕН, АРҚАНЫ КЕҢГЕ САЛУҒА ӘЛІ ЕРТЕ ЕКЕНІН АЙТАДЫ МАМАНДАР. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ, БҮГІНГЕ ДЕЙІН АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР МЕН КӨПТІҢ АУЗЫНДА ЖҮРГЕН ІНДЕТТІҢ ЕКІНШІ ТОЛҚЫНЫ БАСТАЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ ТАРАТПАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ БІРҚАТАР СҰРАҚТАР БОЙЫНША МҰҒАЛЖАР АУДАНДЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ БОЛАТБЕК КЕНДЕБАЙҰЛЫМЕН СҰХБАТТАСТЫҚ. СОНЫМЕН…

— Болатбек Шағалбайұлы, аудан бойынша індеттің алдын алу, жаппай таратпау мақсатында осы кезге дейін қандай жұмыстар жүргізілді? — Жыл басынан бастап коронавирус инфекциясын таратпау және алдын алу мақсатында санитариялық-ағарту және алдын-алу іс-шаралары қарқынды түрде жүргізілді. Аудан әкімі А. Шерияздановтың төрағалығымен өткізілген төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жиналыс хаттамасы негізінде, мониторингтік топ құрылып, нысандарда санитарлық талаптардың сақталуы тексеріліп, қадағаланды. Жергілікті атқарушы билік органдарымен, полиция және кәсіпкерлік бөлімдерінің қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнатылып, жүйелі жұмыстар атқарылды. Күдікті жағдай тіркелген инфекция ошағына дереу эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп, ауру таралу көзін, жұғу факторларын, қарым-қатынаста болған және тәуекелді топқа жататын адамдарды анықтауға аса көңіл бөлінді. Теміржол вокзалы арқылы өткізу пунктінде барлық адамдарға міндетті термометрия және сауалнама жүргізіліп, 14 күндік үй карантиніне орналастырдық. Пойыздар уақытына сәйкес, жұмыстан тыс уақытта да кезекшілік қамтамасыз етілді. Жұмыс барысында көптеген қиындықтармен кезіктік. Анықталған күдікті жағдайлар арасында сақтық шараларын орындамай, қарсылық танытқан тұлғалар да аз болмады. Алайда, аудан халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандар уақытша қиындықтарға төзе білді. Жауапты қызметкерлер барлық қиындықтарға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз қызметтерін абыроймен атқарды деп айта аламын. Барлық науқастардың үй және жұмыс ошақтарында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарымен алдын-ала және індетке қарсы шаралар жүргізіліп, үй және жұмыс орыны бойынша қарым-қатынаста болған тұлғалар анықталды. Қарым-қатынаста болғандар оқшауланды. Барлық қарым-қатынаста болған адамдардан сынама алынып, ПТР әдісімен зерттеу мақсатында зертханағажолданды. Қоғамдық көлік пен аялдамаларды, көшелерді, адамдар көпжиналатын орындарды қоса алғанда күнделікті дезинфекциялық іс-шаралар жұмыстары ұйымдастырылды.

— Жалпы ауданда қанша адам коронавирус және коронавирустық пневмония белгілерімен ауырып, ем қабылдады? Бүгінде ахуал қалай?

— Мұғалжар ауданы бойынша осы уақытқа дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған 171 жағдайы тіркелді. Оның 47-сі клиникалық симтомдары бар, 124-і клиникалық симптомдары жоқ науқастар. Дертке шалдыққандардың 165-і жазылып шықты. Өкінішке орай, 6 науқас көз жұмды. Марқұм болған науқастың біреуі коронавирусты инфекциясынан, ал 5-уі өкпе тромбоэмболиясы мен қосалқы коронавирус инфекциясынан қайтыс болды. Бүгінгі таңда аудан бойынша коронавирус инфекциясының нақтыланған диагнозымен ауруханада ем қабылдап жатқан науқастар жоқ. Провизорлық госпитальде тұмау және пневмония белгілерімен жатқызылған 6 науқас ем-дом қабылдауда. 6 адам қолхат негізінде үй карантинінде оқшаулау бойынша қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда.

— Бүгінде министрлік індеттің екінші толқынына дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдауда. Осыған байланысты ауданда қандай дайындық шаралары қолға алынуда? — Қазіргі таңда инфекцияның екінші толқынына дайындық күшейтілуде. Өйткені, әлемнің бірқатар елдерінде вирус күш алып жатыр. Қазір Қазақстанда коронавирустың тәуліктік өсімі 0,1 пайыз. Бұл көрші елдермен салыстырғанда анағұрлымтөмен. Айталық, ТМД елдерінде өсім 0,5 пайыз. Дегенмен, алда қауіпті кезең келе жатыр. Сол себепті дайындық шараларын ширатып, қауіпсіздікті нығайтуымыз керек. Сонымен қатар, коронавирусты инфекциямен науқастанған адамдарда қосалқы тұмау, ЖРВИ жұқпаларын жұқтырып, асқыну жағдайларын болдырмау үшін 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы жаппай егу жұмыстары басталды. Коронавирусты инфекцияның екінші толқыны басталған жағдайда дәрі-дәрмек қорына тапшылық туындамау мақсатында қазіргі таңда ауданда орналасқан барлық дәріханалар эпидемиологиялық маусымда қажет болатындәрі-дәрмектерге «СК-Фармацияға» сұраныстарын әзірлеуде. Дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс құралдары азайған жағдайда олардың қоры облыстық қордан толықтырылып отырады. Тамыз айының 17-нен бастап карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету енгізілді. Алайда, бұл жеңілдіктер туған күндер, мерейтойлар немесе үйлену тойлары сияқты отбасылық мерекелерді тойлауға рұқсат етілді деген сөз емес. Әр адам өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін бетперде кию, қолды жиі жуу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты қарапайым санитарлық талаптарды сақтауы тиіс.

— Екінші толқын басталған жағдайда науқастарға арналған төсек-орынмен, қажетті жабдықтармен жасақталған арнайы орын дайындала ма? Қандыағаш қаласындағы бұрынғы туберкулез ауруханасын провизорлық орталыққа айналдыру жұмысы қалай жүргізілуде?

— Осыған дейін де белгілі, науқастарға арналған төсек-орынмен, қажетті жабдықтармен жасақталған қаласындағы бұрынғы туберкулез ауруханасын провизорлық орталыққа айналдыру жоспарда бар. Онда инфекциялық бөлімде 50 керует және провизорлық бөлімде 100 керует болады деп жоспарлап отырмыз. Бүгінде Мұғалжар аудандық ауруханасы аталған аурухананы өз балансына алу шараларымен айналысып жатыр.

— Аудан бойынша коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған ПТР зертхана бар ма?

— Ауданда ПТР зертхана жоқ. ПТР тестілеуден өтуге жататын тұлғалардан алынған сынамалар Ақтөбе қаласына жолданып, жүргізілуде. Аудан бойынша ауруханаларда экспресс тестілеу ақылы түрде жүргізіледі.

-Бүгінгі таңда тұрғындар арасында дерттің алдын алу және қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілуде?

— Әрине, біздің мақсатымыз екінші толқынның алдын алып, оны болдырмау. Барлығымызға белгілі, аурудың алдын алудың 30% бетпердені пайдалануға байланысты болса, 40% әлеуметтік қашықтықты сақтауға тікелей байланысты. Өкінішке орай, тұрғындардың арасында бұл жайтқа жеткілікті деңгейде мән бермейтіндері басым. Біздер осы қарапайым қағидаларды орындауға шақырамыз. Тұрғындар арасында дерттің алдын алу және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында қарқынды түрде санитариялық-ағарту шараларын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде санбюллетень, әңгімелесу, дәріс, ақпараттық парақшалар кеңінен таратылуда.

-Ауылдық жерлердегі аталмыш аурудың алдын алу жұмыстары мен сақтық шараларының сақталуын қадағалау қалай жүргізілуде?

— Коронавирусты инфекцияның алдын алу жұмыстары мен сақтық шаралары ауылдық жерлерде де бірдей деңгейде жүргізілуде. Әр ауылдадәрігерлікамбулаториялар мен медициналық пункттер жұмыс жасап тұр. Медициналық қызметкер жеткілікті. Ауылдық жерлердегі тұрғындар арасында дерттің алдын алу және қауіпсіздік шарала- рын қамтамасыз ету мақсатында санитариялық-ағарту шараларын жүргізу қарқынды түрде қолға алынды. Тұрғындарға түсіндірме жұмыстары әлеуметтік желілер арқылы да жиі жүргізіледі.

-Осы уақытқа дейін ауданда санитарлық талаптарды сақтамаған қанша кәсіпкерлік нысан анықталып, оларға қандай шара қолданылды?

— Полиция, кәсіпкерлік бөлімінің қызметкерлері мен аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен мониторингтік топ құрылып, төтенше жағдай режимі кезінде барлық кәсіпкерлікнысандарғамониторинг жүргізілді. 14 жеке кәсіпкерге төтенше жағдай режимін бұзу бойынша әкімшілікшарақолданып, сотқаматериалдар жолданды. Мұғалжар аудандық сотының шешімімен аталған кәсіпкерлерге ескерту жасалды. Бүгінгі күнге дейін 314-тен астам нысан бақылаудан өтті. Мониторингтік топпен 38 іс-құжаттары келіп түсіп, оның 36-на қысқартылған іс жүргізу тәртібінде жалпы сомасы 5 430 990 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде 22 дүкен, 1 көлік жөндеу орны, 7 донер, суши, 1 көлік жуу орталығы, 2 жеке медициналық орталық, 3 мейрамхана иелері жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, жұмысы қайта басталған нысандар Info.kazakhstan сайты арқылы өтінім беріп, рұқсат алуы тиіс. Карантин режимі кезінде қойылатын санитарлық талаптарды орындап, оларды сақтауды жеке кәсіпкерлер мен нысан өкілдері өз жауапкершілігіне алады. Алынған рұқсат қағаздары нысанның көрнекті жеріне, кіре берістеріне ілінуі қажет. Қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған кезде ерекше тәртіппен жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер қайта басталды. Аталған тексерістер барысында, карантин режимін бұзған нысандар анықталса, немесе аталған рұқсатсыз заңсыз жұмыс жасап жатқан нысандар болса, әкімшілікжауапкершіліккетартылатынын ескертеміз. Карантин режимін бұзғаны үшін 425 баптың 1 тармағы бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (83,3 мың теңге шамасында), кәсіпкерлік субъектісіне 230 АЕК (639 мың теңге), орта кәсіпкерлік субьктісіне 300 АЕК (833 400 теңге) және ірі кәсіпкерлікке 600АЕК (1 666 800 теңге) көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл салынады.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы каникулда неше күн демалады

admin_mugalzhar

Германияда білімін жетілдіріп жүрген қазақстандық 8 магистрант оқудан шығарылды

admin_mugalzhar

ЖОСПАРДА БАР ЖҮЙЕЛІ ІСТЕР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.