«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда 13 айлық жаңа күнтізбе жасалды

Нұр-Сұлтанда жаңа күнтізбенің тұсаукесері өтті, оның авторы академик Сайлыбай Бекболатов болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап. 

Жаңа күнтізбенің дәстүрлі григорианнан басты айырмашылығы — онда 13 ай бар. Ол ежелгі түркі мерзімді күнтізбесінің негізінде жасалған, оны академик ұзақ уақыт зерттеді.

Жаңа күнтізбенің жобасын «Жаһандық ашылу» конференциясына қатысушылар талқылады. Кейбір ғалымдар григориан күнтізбесінің ғылыми негізі жоқ деп санайды.

«1923 жылы Женевада өткен Ұлттар лигасының отырысында күнтізбені реформалау жөніндегі арнайы Халықаралық комитет құру туралы шешім қабылданды. Содан бері 400 күнтізбелік жоба ұсынылды. Бірақ бірде-біреуі қабылданған жоқ. Бүгін біз 401-ші жобаны ұсынамыз. Бұл дүниежүзілік, тұрақты, өзгермейтін күнтізбе», — деп мәлімдеді профессор Әділ Ахметов.

Ұқсас ақпараттар

Фонд «Самрук-Қазына» вошел в десятку самых эффективных фондов мира

admin_mugalzhar

ВЫБИРАЙ ЖИЗНЬ!

admin_mugalzhar

KGIR 2022: Ералы Тоғжанов 735 миллион долларлық келісімдерге қол қойды

admin_mugalzhar