«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнады — ДДҰ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әлемде бір апта ішінде коронавирус жұқтырған саны рекорд орнатқанын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

ДДҰ мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында әлемде CОVID-19 жұқтырудың 1 998 897 жаңа жағдайы анықталып, 36 764 науқас қайтыс болды.

Вирустың расталған жағдайларының саны алдыңғы аптаға қарағанда (7-13 қыркүйек) 6 пайызға артқан екен.

Сондай-ақ, Джонс Хопкинс Университеті соңғы тәулікте АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 52 мыңнан асқанын хабарлады. Университеттің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Америка Құрама Штаттарында 52 070 науқас тіркелген.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандық мұғалімдер үш жылда бір рет біліктілікті арттыру курсынан өтеді

admin_mugalzhar

«ВЕСЕЛЫЕ СТАРТЫ» ФИНАНСИСТОВ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысының кей аудандарында оқушылар емтиханнан босатылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.