«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыс әкімі Израильдің өкілетті елшісімен кездесті

Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лиат Вексельманмен кездесті.

Екі жақты кездесу барысында израильдік бизнес өкілдерінің Ақтөбе өңіріндегі инвестициялық жобаларға қатысуы, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, аумақтарды абаттандыруға қатысты салаларда байланыстар орнату жайы сөз болды.

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин Лиат Вексельманға аймақтың экономикалық әлеуетін таныстырып, Израиль мемлекеті мен Ақтөбе облысы арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге көтерілетіндігіне сенім білдірді.

— Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жаңа өкілеттіктері аясында шетелдік инвестиция тартуға және қазақстандық экспортты ілгерілетуге баса назар аударылып отыр. Біз өзара қарым-қатынас аясын кеңейтуге қуаныштымыз. Осыған байланысты денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, цифрландыру салалары бойынша екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтқымыз келеді. Ақтөбе облысына жасаған сапарыңыз екі жақты достық пен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтудың  кепілі болады деп үміттенемін, — деді Оңдасын Оразалин.

Бүгінгі таңда облыста құрамында 500 мүшесі бар еврей диаспорасы, сондай-ақ 1995 жылы құрылған «Шалом» еврей мәдени орталығы жұмыс жасайды. Соңғы он жылда «Қазақстандық мамандарға арналған шетелдік тағылымдама» бағдарламасы аясында 1000-нан астам дәрігер Израильдің медициналық орталықтарында қайта даярлаудан өткен. Олардың қатарында ақтөбелік дәрігерлер де бар.

Жыл сайын израильдік мамандар еліміздегі медициналық орталықтар мен клиникалар базасында 30-ға жуық шеберлік сыныптарын өткізеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

В АВТОБУСЕ ЗАМКНУЛА ПРОВОДКА

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚТА БАЛАБАҚШАНЫҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНУДА

admin_mugalzhar

Республиканың барлық өңірі «қызыл» аймақта

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.