«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында полицейлер 100 % планшетпен қамтамасыз етілген

ҚазАқпарат – Ақтөбеге Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров келді. Ол Президент Жолдауының ережелерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жиынға облыстық полиция департаменті басқармаларының бастықтары, онлайн режимде аудандық бөлім басшылары қосылды. Ішкі істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров төтенше жағдайлар министрлігін құру, учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін арттыру, цифрландыруды дамыту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және тағы да басқа мәселелер жайында сөз қозғады. «Президенттің тапсырмасына сәйкес Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылды. Бұған дейін оның функциялары ІІМ құрамында болған. Жолдауға сәйкес учаскелік полиция инспекторларының мәртебесі артады. Бұл өте маңызды. Әрбір учаскелік инспектор өзі жауапты болған әкімшілік учаскеде беделді, танымал адам болуы керек. Біз учаскелік полиция инспекторының материалдық-техникалық базасын жақсартатын боламыз. Учаскелік полиция қызметкерлерінің жалақысына қосымша ақы төленеді», — деді ол. А.Заппаровтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторларының материалдық-техникалық базасын жақсарту, оларды жұмыс істеу үшін көлікпен және планшетпен қамтамасыз ету жоспарланды. Ақтөбе облысында полицейлер 100 % автокөлікпен және планшетпен қамтамасыз етілген. Жалпы ел бойынша пенициарлық мекемелерде, полицияның қызметтік үй-жайларында жаппай бейнебақылау қондырылып жатыр. А.Заппаров цифрландыруды дамыту кезінде ІІМ көрсететін мемлекеттік қызметтер цифрлық форматқа ауыстырылатыны туралы айтып берді. Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы жалғасып жатыр. Соңғы 3 жыл ішінде ІІМ-де сыбайлас жемқорлық фактісі 33 пайызға төмендеді. Өңірлерде қоғамдық қабылдау жүргізіледі. ІІМ реформасы үшін азаматтардан ұсыныс қабылдауға арналған медиапорталы іске қосылды. Облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов Президенттің Жолдауы аппараттық кеңесте қаралып, барлық бағытты орындау бойынша жоспар дайындалғанын айтты. «Ең бастысы — учаскелік полиция қызметінің жұмысын қайта құру, олардың қоғам игілігі үшін және азаматтардың қоғамдық тәртібі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз ету», — деді А.Арыстанов.


Ұқсас ақпараттар

ПОЛИЦЕЙЛЕР ОТБАСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

admin_mugalzhar

В ЭМБЕ РЕКОНСТРУИРУЮТ БИООЧИСТНЫЕ СООРУЖЕНИЯ

admin_mugalzhar

Президент Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.