«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде 7200 пәтер пайдалануға беріледі

ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 3 мыңнан астам пәтер қолданысқа берілді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында осы жылдың қаңтар-тамыз айларында барлық қаржыландыру көздерінен 480,9 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3186 пәтер пайдалануға берілді. «Биыл аумағы 1 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй, яғни, 7200 пәтер пайдалануға беріледі. Оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша аумағы 49 мың шаршы метр болатын несиелік тұрғын үй қарастырылған. Пәтер «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданынан берілді. Сонымен бірге сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 159 пәтер бар. Бұл көпбалалы отбасыларға тиесілі. Бұдан басқа, Ақтөбе қаласындағы мемлекеттік емес кәсіпорындардың қаражаты есебінен 191,3 мың шаршы метр коммерциялық тұрғын үй немесе 1829 пәтер және Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарындағы халықтың жеке қаражаты есебінен 4351 үй пайдалануға беріледі», — деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Өтешов. Айта кетейік, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысына 9096,3 млн теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен – 7892,3 млн теңге, жергілікті бюджет есебінен – 1325,3 млн теңге қарастырылған. Бұл қаражатқа 518 шақырымдық инженерлік желі тартылды.


Ұқсас ақпараттар

Мал ұрлығы: 86 дерек тіркелді

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев үш министрге сөгіс жариялады

admin_mugalzhar

Фермерлер несиеге өтінімді онлайн береді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.