«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде шектеу ережесін бұзған түнгі клуб анықталды

Ақтөбе қаласында шектеу шарасын елемегендер тағы да анықталды. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ақтөбе қаласы, Астана ауданының полициясы мен прокуратурасы бірлескен рейдке шыққан болатын. Тексеру кезінде түнгі клубтардың бірінде адам саны 50-ден асып кеткені анықталды. Мекеме иесіне қатысты материал қалалық тауарлар мен қызметтердің сапа қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. «Өңірде 900-ден астам шектеу шарасын бұзу дерегі тіркелген», — дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде ешбір адамнан коронавирус инфекциясы анықталмады. Өңірде індетке шалдыққан 3252 адамның 98 пайызы жазылды. Қазір 44 адам үй карантинінде ем алып жатыр.


Ұқсас ақпараттар

Президент Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

СИТУАЦИЯ С КОРОНАВИРУСОМ В ЦИФРАХ И ФАКТАХ

admin_mugalzhar

227 елді мекен қауіпті аймақта тұр — ТЖМ

admin_mugalzhar