«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОБЛЫСТЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІ АУДАНДА БОЛДЫ

Ақтөбе қаласынан облыстық «Ақтөбе»,»Актюбинский вестник» газеттері мен «Aktobe» телеарнасының журналистері және облыстық баспасөз қызметінің өкілдері арнайы келіп, ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Атап айтсақ, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында көктем айында күрделі жөндеуден өткен Қандыағаш қаласындағы стадионды көріп, Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қарасай Омаровпен тілдесті. Одан кейін қала әкімі Талғат Өтемұратов Байкунова көшесінің жөндеу жұмыстарымен таныстырып, «Самал» мөлтек ауданындағы көпбалалы аналарға берілген көпқабатты тұрғын үйін аралатты. Іссапар барысында облыс тілшілері Ақкемер, Жұрын және Еңбек ауылдық округтерінде болып, жүргізілген жұмыстарды өз көздерімен көрді.
Сонымен қатар аудан әкімдігінде кездесу өткізген аудан әкімінің орынбасары Бекболат Құлмағамбетовтің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы 8 айлық есебін тыңдады.

Ұқсас ақпараттар

Барселонадағы «Камп Ноу» стадионына Мессидің есімі берілуі мүмкін

admin_mugalzhar

DARA BALA ДАНА БАЛА ҚЫЛА МА?..

admin_mugalzhar

Суданда 720 мың адам су тасқынынан зардап шекті

admin_mugalzhar