«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУЫЛ ТҮЛЕКТЕРІ ТЕГІН ОҚУҒА ТҮСТІ

Батпақкөл ауылдық округінің мектеп бітірген екі түлегі «Урихтау оперейтинг» ЖШС-нің демеушілігімен жоғары оқу орнына тегін оқуға мүмкіндік алды.
Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашев, 2019 жылдың қазан айында «Урихтау оперейтинг» ЖШС-і мен ауыл әкімдігі меморандумға отырғанын айтады. Меморандумға сәйкес, «Nur Otan» партиясының «Сəтті қадам» жобасы аясында округтің 4 оқушысына еліміздегі кез келген университеттің мұнай саласы мамандығына тегін оқуға мүмкіндік берілген.
-Ниет білдірген 4 оқушының екеуі мемлекет грантына ие болды. Ал екі оқушы Бекасыл Исаев «Электроэнергетика», Дилназ Қойшыбай «Мұнай ісі» мамандықтары бойынша Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы университетте тегін білім алуда, — дейді ауыл әкім.

Ұқсас ақпараттар

Қытайда короновирустан қайтыс болғандар саны 900 адамнан асты

admin_mugalzhar

«ЖЫР» БОЛҒАН ЖОЛ: ҚОСЫМША ҚАРЖЫ СҰРАЛУДА

admin_mugalzhar

Тәуелсіз ел тарихында Парламент Мәжілісінің сайлауы алты мәрте өткізілген

admin_mugalzhar