«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ЖЫР» БОЛҒАН ЖОЛ: ҚОСЫМША ҚАРЖЫ СҰРАЛУДА

Көктем кезінде қырылып, қиыршық тас төселген күйі қалған көше жолдары бүгінде қандыағаштықтарды сары уайымға салды. Уайымы сол – асфальт қар түскенше төселе ме? Осы сұраққа жауап іздеген біз мән-жайды жауапты мамандардан сұрадық.

Қайта қалыпқа келтірілуі қажет көше жолдары – Есет Көкіұлы, Ереван Баймұханбетов және «Жеңіс» даңғылы. Бүгінде бұл көшелердің беткі қабаты 50-60 см-дей толықтай қырылып, қажетті топырақ пен қиыршық тастары төселіп, нығыздау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ автотұрақ үшін де арнайы орын қалдырылып, жан-жағына бордюрлері қойылды. Бірақ төселуі тиіс асфальт жабындысы бүгінге дейін салынбады.

Біздің сұрағымызға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Нысанбаев жауап берді. Оның айтуынша, асфальт жабындысын төсеуге бюджеттен қосымша қаржы сұралуда.

Есет Көкіұлы атындағы көше мен «Жеңіс» даңғылының жолдарын қайта салу жұмыстарын «Бірлік НС» ЖШС-і, ал Ереван Баймұханбетов көшесі мен айналма жолды «Строй сервис» ЖШС-і жүргізуде. Бұл жобалар ауыспалы кезеңмен жасалуда. Осы жылы асфальт жабындысының бірінші қабатын салуды жоспарлап отырмыз. Оған бюджеттен 300 млн теңгеден астам қаржы қажет. Бүгінде бұл қаражатқа сұраныс беріп қойдық. Қаражат бөлінген сәтте мердігер мекемелер өз жұмыстарын жалғастыратын болады. Ал екінші қабатын төсеуді келер жылы жасаймыз, — деді Нұрдәулет Нысанбаев.

 Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЖАЙЛАУДЫҢ ЖАЙЛЫ КЕШТЕРІ

admin_mugalzhar

ЖАС БОКСШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АҚКЕМЕРДЕ ЖАС КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.