«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты тоқтату туралы келісімге келді

Әзербайжан мен Армения Қарабақтағы қақтығысты 10 қазан сағат 12:00-ден бастап тоқтату туралы келісімге келді. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости.

Лавров қақтығысты тоқтатудың нақты ережелері бөлек келісілетінін айтты. 

«Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы ЕҚЫҰ Минск тобының төрағаларының көмегімен бітімгершіліктің негізгі қағидаттары негізінде бейбіт келісімге тезірек жету мақсатында субстантивті келіссөздерді бастап жатыр», — деді Лавров.

Баку мен Ереван Қарабақта қақтығысты тоқтату күшіне енгеннен кейін қаза тапқандар мен тұтқындармен алмасуды бастауға келісті.

Ресейде, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамовтың Мәскеуде Таулы Қарабақтағы жағдай бойынша келіссөздері аяқталды, кеңесу 10 сағаттан аса уақытқа созылды. Кездесу толығымен жабық форматта өтті, келіссөздер басталғанға дейін тараптар мәлімдеме жасаған жоқ.

«Тараптар келіссөздер процесі форматының өзгермейтінін растайды», — деді Лавров. 

Кездесу нәтижесінде бірлескен құжат келісілді.

Айта кетейік, 9 қазанда Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Ресейге кеңес үшін шақыртылған болатын. 

Еске салайық, 27 қыркүйекте Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал қайтадан өршіді. Бұл жолы мойындалмаған Таулы Қарабақ аймағында екі ел арасында қақтығыс басталды. Таулы Қарабақ Республикасы Қарабақтағы бейбіт ауылдар, соның ішінде астанасы Степанакерт артиллериялық атысқа ұшырады деп хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

АЛТЫНДЫ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Бейжің-2022: Жанкүйерлерге робот-бармендер қызмет көрсетеді

admin_mugalzhar

Тоқаев үш жаңа облыстың құрылуы туралы жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.