Қазақстанда 17-19 қазанда күн күрт салқындайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК орталығына сілтеме жасап.
Аптаның соңында республиканың басым бөлігі әлі де кең антициклонның ықпалында болады. Ол жылы және жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Тек елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына Обь өзенінің теңізге құйылған жерінен циклон жырасы әсер етеді, бұл жауын-шашын, желдің күшеюін, сондай-ақ ауа температурасының одан әрі көтерілуіне әкеледі.
Алайда 18 қазанда солтүстік-батыс антициклонының келуінен туындаған суық елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына түседі. 19 қазанда ол елдің орталығы мен шығысына жетеді.
Ауа температурасының күрт төмендеуінен түнгі уақытта 0-8 градусқа дейін аяз, күндіз 5-15 жылы болады, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жылы және негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.