ҚАЛАМЫЗДА ЖАС СӘНГЕРЛЕР МЕКТЕБІ ДАМЫП КЕЛЕДІ. ЖАҢАШЫЛБАСТАМАНЫ ҚОЛҒА АЛҒАН АҚНҰР ЕРКІНҚЫЗЫДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ МОДЕЛЬДІК КӘСІПКЕ ДАЙЫНДАП, ДЕНЕСІН ТІК ҰСТАП ЖҮРУГЕ, КЕЗ КЕЛГЕН ОРТАДА ӨЗІН-ӨЗІ ЕРКІН ҰСТАУҒА ҮЙРЕТІП ЖҮР.
Үнемі шығармашылық дамуды жаны қалайтын Ақнұр Еркінқызы ауданда әлі дами қоймаған сән әлемінің ауылынан алыс емес. Ол Гүлжамила Назарбайқызы негізін салған «Prestige» модельдік мектебінің кастинг директоры қызметін атқарады. Болашақ сәнгерлерді рухани-эстетикалық мәдениетін дамытып қалыптастыруға, шығармашылығын байытуға, дұрыс жүріп тұрумен қатар, еңсесін биік ұстау, суретке әдемі түсуге дайындайды. Сән мектебінің барлық жауапкершілігін өз мойнына алған кейіпкеріміз дарынды балалардың сән саласына бағытталғанын қалайды. Өнерлі ару бұл өнердің аудан аумағында бұрын-соңды қолға алынбағанын айтып, жаңашылдықты дамытуды жоспарлап отырғанын алға тартты. — Көпшіліктен қымсыну, өзін еркін ұстамау, камерадан ұялу сынды дүниелерді балалардың бойынан көп байқағандықтан кенже қалған істі жүзеге асыруға тырыстық. Соның нәтижесі болар жаз айында ашылған мектебімізге қатысушылар саны күн санап артып келеді. Жүйелі жұмыстың арқасынд а қатысушылардан тез нәтиже көрдік. Осының бәрі тыңғылықты іс пен тактиканың дұрыс қолдануында жатыр. Жастардың лайықты деңгейге шығуына модельдік мектептің көмегі көп. Бұл жерде модельдер негіздері мен керекті дағдылары үйретіледі. Сән мектебі түзу жүрумен қатар, сондай-ақ дұрыс тамақтануды, кейбір спорт түрлерін, актерлік шеберлік сынды қырларды д а қоса алып жүруді қажет етеді. Хореографиялық оқу сабақтары өтіп, имидж, этикет, камерамен жұмыс, сондай-ақ модель болуды ғана емес, сонымен қатар фотографтың кейбір тұстары, сәнді макияж негіздері туралы да ақпараттар айтылады. Әрине бұл мақтанарлық дүние,- дейді сән мектебінің маманы. Модельдік мектепке 5-18 жас аралығындағы осы салаға қызығушылығы жоғары балалар мен жасөспірімдер арнайы кастинг арқылы қабылданады. Балалардың уақытын тиімді пайдалануға, өнер саласында өздерін дамытуға мүмкіндіктері зор. Ақнұр осыған дейін «Miss Models Aktobe» модельдік мектебінде жұмыс жасаған. Оның «Show ballet Aknur» атты ән-би ұжымы аудан аумағындағы түрлі мерекелік шараларға қатысып, тамаша өнер көрсетіп жүр. — Қандыағаш қаласында осы сала бойынша үлкен жол тауып, мектеп ашқан Гүлжамила Назарбайқызына ө з алғысымды білдіргім келеді. Әрине, сапалы дүние жан қуантад ы. Сән саласы бойынша сапалы жұмыстың шығуы модельдер мен стилистерден бөлек, суретк е түсіріп ө ң д еуш ілердің де еңбектері ерен. Осы орайда «Prestige» мектебіндегі сан түрлі суреттерінің керемет көріністе болуына үлкен көмегін көрсеткен Азамат Наурызбаевтың еңбегі үлкен, — дейді өнерлі ару.
Айдана Нағашыбайқызы