«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛІК ТІЗГІНДЕГЕН ҚҰТҚАРУШЫ

МАМАНДЫҚТЫҢ ЖАМАНЫ БОЛМАЙДЫ. ТЕК ӘРБІР ЖАН ӨЗІНІҢ ЖҮРЕГІ ҚАЛАҒАН КӘСІБІН ТАБА БІЛУІ КЕРЕК. СОНДА ҒАНА ОЛ МАМАННЫҢ ЕҢБЕГІ ЖАНЫП, КӘСІБІ БЕРЕКЕЛІ БОЛМАҚ. БҮГІНГІ БІЗДІҢ КЕЙІПКЕРІМІЗ ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІН ШЕБЕР БАСҚАРЫП, ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫ ДЕР КЕЗІНДЕ ОҚИҒА ОРНЫНА ЖЕТКІЗІП ҚАНА ҚОЙМАЙ, АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСЕТІН ҚҰТҚАРУШЫ ЖҮРГІЗУШІ.

Он бес жылдан астам өрт сөндіру көлігін тізгіндеген Бейімбет АҚҚҰНАНОВ жүргізушінің міндетінің өте күрделі екенін, қауіпсіздік және жол ережелерін қатаң сақтау керектігін айтады. — Апат айтып келмейді. Тосыннан болған апат кезінде азамат тарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келгеннің қолынан келе бермейді. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен білік және тәжірибе керек. Ал, біздің басты міндетіміз — өрт шыққан жерге арнайы көлікпен өрт сөндірушілерді жеткізу. Сондай-ақ, қыстың ақ түтек боранында, қар құрсауында қалған көліктерді қауіпсіз аймаққа алып шығамыз. Жалпы, өз басым мамандығыма ризамын. Және ешқашан өкінген емеспін, — дейді ол. Оның айтуына қарағанда, бүгінде өрт сөндіру техникалары заман талабына сай жабдықталған. Аудандық өрт сөндіру бөлімінде арнайы өрт сөндіргіш төрт техника бар көрінеді.

— Біздің мекемедегі өрт сөндіретін көліктер қызыл жалын шарпыған үлкен өрттерді сөндіруге қауқарлы. Олардағы жалпы судың көлемі — 2,5, 5 және 6 куб. Ал, жанар — жағар май бекеттері мен үлкен зауыттарда өрт шыққан жағдайда өртті көбік шашып сөндіреміз. Көбіктің ауа жеткізбейтін қасиеті бар, яғни жалынға ауа бармаса, тез өшеді. Сонымен қатар оқыс оқиға кезінде жүргізуші техниканы сауатты басқара білу керек, — дейді Бейімбет АҚҚҰНАНОВ. Өрт сөндіру саласында аянбай еңбек еткен біздің кейіпкеріміз «Мінсіз қызметі үшін» медальіменмарапатталып, басшылық тарапынан Мақтау қағаздары мен Алғыс хаттарға ие болды.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Филиппинде «Вамко» тайфуны құрбандарының саны 26-ға жетті

admin_mugalzhar

Әйелдердің зейнетке шығу жасы артады

admin_mugalzhar

Тазалық — ортақ талап

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.