«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда жұмыс кезінде коронавирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды

ҚР денсаулық сақтау министрінің бірінші вице-министрі Марат Шоранов онлайн-брифинг барысында дәрігерлерге жұмыс барысында коронавирус жұқтырғаны үшін қаражат төленбейтінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министр жаңа шешім туралы айтып берді. Енді дәрігерлер қауіпті аймақта жүргені үшін ғана өтемақы ала алады. 

«20 қазаннан бастап қазіргі уақытта жасалған барлық жағдайларды ескере отырып, медициналық қызметкерлерге әлеуметтік төлемдер алуға өтініштерді қабылдау тоқтатылды. Қалған 5% немесе 421 медициналық қызметкерге бір реттік төлемдер қазір аймақтық комиссиялар деңгейінде тіркеу сатысында және олар ақпараттық жүйеге енгізілген», — дейді ол.

Ондай дәрігерлер бойынша төлемдер апта соңына дейін, яғни, 23 қазанға дейін төленеді.

«Қазан айына дейін тіркелген жағдайларға ғана төленетін болады. Қазаннан кейін тек қана жұқтыру қаупі жоғары болғаны үшін ғана 3 деңгей бойынша қосымша қаражат төлейміз. Бұл жағдайлар басқа инфекциялар сияқты аурухана ішілік вирус ретінде тіркеледі», — дейді Шоранов.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗДІ

admin_mugalzhar

77 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: АУЫЛҒА ГАЗ ТАРТЫЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.