«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинді қабылдады.

Өңір басшысы облыста былтырғы атқарылған жұмыстар мен 2022 жылдың алғашқы екі айындағы даму көрсеткіштері туралы баяндады. Президент халықпен жиі кездесудің, қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізудің маңыздылығын атап өтіп, тұрғындарды мазалаған мәселелерді уақтылы шешу қажет екенін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын күшейтуді және өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды жалғастыруды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Ұқсас ақпараттар

255 МЫҢ 800 ТОННА ШӨП ШАБЫЛДЫ

admin_mugalzhar

АУЫЛ АМАНАТЫ: 33 ЖОБА МАҚҰЛДАНҒАН

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar