«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек?

Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек екені айтылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған «Мұғалжар».

Мұндай жәрдемақы тек Халыққа қызмет көрсету орталығында көрсетілетіні белгілі болды.

— Тұрғылықты мекенжайыңызға қарасты ХҚО-ға кезекті алдын ала брондаңыз;
— Тағайындалған уақыттан ХҚО-ға 20 минутқа ерте барыңыз;
— Операторға төмендегі құжаттарды өткізу арқылы жәрдемақыға өтініш жазыңыз:
— Жеке куәлік;
— Балалардың құжаттары;
— Банк есепшоты жөніндегі анықтама.

Ескерту, 18 жасқа толған балалары бар отбасыларға жәрдемақы, бала жоғарғы оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып жатса және ол 23 жасқа толғанша оқуынан анықтама өткізсе ғана төленеді.

Төлем мөлшері:

4 бала үшін — 16,03 АЕК (44 531 теңге);
Көпбалалы ана атанғандар жәрдемақыны қалай алуы керек?5 бала үшін – 20,04 АЕК (55 671 теңге);
6 бала үшін – 24,05 АЕК (66 810 теңге);
7 немесе одан да көп бала үшін — 28,06 АЕК (77 950 теңге).

Қызмет көрсету уақыты, құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 8 жұмыс күні екені айтылады.

Ұқсас ақпараттар

ЖАС БОКСШЫЛАРҒА АРНАЙЫ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ОСТАНОВИСЬ! АЛКОГОЛЬ — ПУТЬ К ПРЕСТУПЛЕНИЮ

admin_mugalzhar

Қазақстандықтарға 138 мың теңгеден түсіп жатыр

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.