«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда қайтадан карантин енгізіле ме: Денсаулық сақтау министрлігі айтып берді

ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында Қазақстанда карантин енгізілу мәселесіне қатысты айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған «Мұғалжар» газеті.

Есмағамбетованың айтуынша елдегі жағдай соңғы аптада әлдеқайда нашарлаған. Бірақ коронавирустың өршуі әр аймақта әртүрлі байқалуда. Сол себепті, Қазақстан толығымен карантинге жабылмайды.

«Бүгінде карантиндік шараларды аймақ бойынша күйшейту мәселелері жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы 6 есеге өсті. Бірақ әр аймақта жағдай әр түрлі. Сондықтан, карантин шаралары тек аймақтар бойынша жасалып жатыр», — дейді Есмағамбетова. 

Сонымен қатар, Есмағамбетова еліміздің көптеген облыстары жасыл аймақта екенін айтты.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

admin_mugalzhar

Қазақстанда жаңа салықтар енгізіледі

admin_mugalzhar

Мәскеу Ким Чен Ынды Екінші дүниежүзілік соғыстың 75 жылдығы медалімен марапаттады

admin_mugalzhar