«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстандықтар қазан айында қанша күн демалады

Биылдан бастап 25 қазан – Республика күні қайта тойланады, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес Республика күні ұлттық мереке болып саналады.

Бұл сейсенбіге сәйкес келеді, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін Қазақстан үкіметі демалыс күнін 2022 жылғы 22 қазандағы сенбіден 2022 жылғы 24 қазан дүйсенбіге ауыстыру туралы қаулы әзірледі.

Осылайша, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар Республика күніне орай 23, 24 және 25 қазанда демалады.

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер екі күн: 23, 25 қазан (жексенбі, сейсенбі) демалады.

Қазан айындағы жалпы жұмыс және демалыс күндері:

22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы парламенті сенатының жалпы отырысында депутаттар кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша 25 қазан – Республика күнін мемлекеттік мерекелер қатарына қайтаруды көздейтін түзетулерді қабылдады.

16 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Бұл туралы ол Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында мәлімдеді.

1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды.

Ұқсас ақпараттар

ПАРИЖДЕ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

9 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

admin_mugalzhar

МЕДИАЦИЯ: РЕШАЕМ КОНФЛИКТЫ ПО-НОВОМУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.