«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Халықтың ақпаратқа уақытылы қол жеткізуі өте маңызды – министр

Халықтың ақпаратқа уақытылы қол жеткізуі өте маңызды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты. 

Әкімдік пен мәслихат отырыстарының уақыты мен өтетін орны, уақыты мен форматы туралы аңдатпа әзірлеу  мәселесін реттеу керек. Осы мәселені жүзеге асыруға кірісу керек. Қазір мәслихаттың техникалық мүмкіндігі де жоқ. Қазір мемлекеттік органдар осы тетіктерді қаншалықты жүзеге асыруға дайындығын қайта қарау керек. Бұл тек Алматыда емес, барлық мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік органдардың отырысы енді нақты регламент бойынша өтетініне дайын болуы керек, — деді Балаева. Министр осы мәселені нақты жүзеге асыру аса маңызға ие екенін атап өтті.
Халықтың ақпаратқа уақытылы қол жеткізуі өте маңызды. Біздің шешімдердің не себепті қабылданғанын біліп отыруы керек. Осы сұрақтарды хаттамаға енгізіп, жазып алу керек, — деді министр. Айта кетейік, Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің деректерін талдау қорытындылары мен пандемия жағдайында мемлекеттік органдардың журналистерге ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

baq.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстан үшін қараша айына арналған ауа райының болжамы жарияланды

admin_mugalzhar

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болуы мүмкін

admin_mugalzhar

Енді Қазақстанда бизнес үшін жеке шот ашу керек: Мобильді аударымдар заңмен реттеледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.