«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Екі партия Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жіберілді

Қазақстандық екі саяси партия қайта тіркеуден өтті. Орталық сайлау комиссиясының отырысында олар Мәжіліс және мәслихат сайлауына жіберілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстанның Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес атауын өзгерткен заңды тұлғалар қайта мемлекеттік тіркеуден өтуі керек. Олардың филиалдары да қайта тіркелуі керек. Осы жылғы 11 қарашада «Бірлік» саяси партиясын Adal саяси партиясына қайта тіркеу жүргізілді. Тиісті қайта тіркеу Adal партиясының барлық 17 филиалында жүргізілді, осылайша 17 аймақта да филиалы бар.

12 қарашада Қазақстанның коммунистік халық партиясы Қазақстанның халық партиясы болып қайта тіркелді. Сәйкесінше, ҚХП-ның республика бойынша 17 филиалы қайта тіркеуден өтті. Қазір партияларды қайта тіркеу рәсімдері аяқталды», — деді Қазақстанның әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев. 

ОСК мүшелерінің дауыс беру нәтижесі бойынша екі партия да сайлау процесіне жіберілді. «Ақ жол» партиясы әлі құжат өткізбеген, ал «Ауыл» партиясы бүгін өткізді.

«Ақ жол» партиясы әлі құжат өткізген жоқ. «Ауыл» партиясының өкілдері бүгін өткізді. Тізімді заңнамамызға сәйкес тексереміз. Adal-ға қатысты айтар болсақ, партия енді сайлау процесіне өтті», — деді ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов брифингте.

ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі басқа елдер мен халықаралық ұйымдардан 29 қадағалаушы тіркелген. Олардың бәрі Парламентаралық мемлекеттер ассемблеясынан — ТМД қатысушыларынан аккредитациядан өтеді. 

Ұқсас ақпараттар

Елордада Үш арысқа ескерткіш орнатылып, Жазушылар үйі ашылды

admin_mugalzhar

Маман қандай несие түрлерінен аулақ болу керегін айтты

admin_mugalzhar

КҮН ТӘРТІБІНДЕ: БАЛАБАҚША АШУ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.