«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

UFC Макгрегор мен Порье жекпе-жек өткізетінін растады

UFC ұйымы Конор Макгрегор мен Дастин Порье арасында жекпе-жек өтетінін растады. Бұл туралы промоушеннің Instagram-парақшасында жазылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу 2021 жылы 23 қаңтарда БАӘ-дегі «Жекпе-жектер аралында» өтеді. Жекпе-жек UFC 257 турнирінің басты кездесуі болады. Бұған дейін екі спортшының жекпе-жек бойынша келісімшарт жасасқаны хабарланған болатын.

Басында Макгрегор мен Порье жекпе-жекті UFC-ден тыс өткізбек болған. Файтерлер қайырымдылық кеші аясында кездесу туралы келіскен, бірақ кейін бұл жекпе-жекке промоушен араласты.

Айта кетейік, Макгрегор мен Порье 2014 жылы UFC аясында жекпе-жекке шыққан. Сол кезде ирландиялық файтер бірінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен болатын.

Ұқсас ақпараттар

Дәуренбек МӘМБЕТАЛИЕВ, Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті, дәстүрлі әнші: КӨПТІҢ АЛҒЫСЫН ЖЕТКІЗСЕМ ДЕЙМІН…

admin_mugalzhar

Қасым-Жомарт Тоқаев Кипрді Транскаспий және Орта дәліз жобаларына атсалысуға шақырды

admin_mugalzhar

Жапонияда қазақтар қоғамдастығы құрылды

admin_mugalzhar