«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елбасы жаңадан салынған Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды

BAQ.KZ. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев атлетика алаңы мен жаттығу орталығын аралап, спорт кешенінің бейне таныстырылымын көрді.

Жаңа спорт нысаны биыл қараша айында іске қосылып, Олимпиадалық даярлау орталығына пайдалануға берілді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие болды. Бұл сертификат ең жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, екі бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.

Нысан құрылысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының қаражатына салынды.

BAQ.KZ

Ұқсас ақпараттар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының кезектен тыс съезіне қатысты

admin_mugalzhar

ТЕМІР КӨПІРДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген түріктің ұлттық музыкалық аспабын сыйға алды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.