«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Жастар колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі – Үкімет басшысы

Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін іске асыруға арналған талқылау кезінде Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастардың әлеуетін іске асыру мақсатында олардың білім алуы, жұмыс істеп, баспаналы болуы үшін, сондай-ақ елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы үшін жағдай жасалатын болады», — деді А. Мамин. Осы орайда ол колледждерде тегін оқыту мүмкіндігі туралы айтты. «Жастар сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде тегін оқытумен қамтамасыз етіледі. Биыл тегін оқу мүмкіндігі 20 мың адамға беріледі, кейін жыл сайын квота ұлғайтылып, 2025 жылы 50 мыңға жеткізіледі», — деді Үкімет басшысы.

 

Ұқсас ақпараттар

«ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» — ЖАСТАР ҮШІН СЕНІМДІ БАСТАМА

admin_mugalzhar

ПРИЧИНОЙ ПОЖАРА СТАЛ ПОДЖОГ

admin_mugalzhar

2022 жылға Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.