«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

КЕШЕ ҚАНДЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ САЯБАҚТА 4 МАУСЫМ – МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МӘРТЕБЕСІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК МӘДЕНИ КӨПШІЛІК ШАРА ӨТТІ. ОҒАН АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ БАҚЫТЖАН КАДРАЛИН, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАЛҒАТ ӨТЕМҰРАТОВ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ МЕКЕМЕ-ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ЖАСТАР МЕН ОҚУШЫЛАР ҚАТЫСТЫ.
Шара басында аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Мемлекеттік Туды ашық аспанда желбіреткен 25 көлік Қандыағаш теміржол вокзалынан бастау алып, орталық саябаққа дейін жүріп өтті. Көлікте аудан жастары мен белсенділері болды. Одан кейін мемлекеттік Гимнді бір мезгілде орындау акциясы ашылып, қазақтың ұлттық биіне жалғасты. Кейін аудан әкімінің орынбасары Талғат Өтемұратов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, тәуелсіздігіміздің құндылықтарын құрметтеуге шақырды.
Рәміздер – егемен еліміздің, қуатты мемлекетіміздің төлқұжаты. Бұл айшықты рәміздер әрбір азаматты отансүйгіштікке, адамгершілікке, халқына адал қызмет етуге, туған жерді қастерлеуге, тарихын жете білуге жетелейді. Бүгінгі таңда күллі әлем мойындаған Тәуелсіз еліміздің әрбір жасампаз жетістіктерінде Қазақстан Республикасының тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз де бірге салтанат құрып келеді. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын, — деді ол құттықтауында.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Жергілікті өнерпаздардың шырқаған патриоттық әндері мен орындаған ұлттық билері көпшілікті тәнті етті.
А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

Н.ҚОБЛАНОВ: «НАМЫС ДОДА» БАҒДАРЛАМАСЫ — ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТІМ

admin_mugalzhar

Ұлттық банк төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты

admin_mugalzhar

Қазақстанда «Бала нәсібі» атты жәрдемақы енгізу ұсынылды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.