«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Түркістан орталығында Саттарханов атындағы спорт кешені салынады

Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан қаласының орталығындағы Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес болады.

20 орындық спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмесі орналасады.

Нысан құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек.

«Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбеде шегірткеге қарсы өңдеу жұмысы аяқталып қалды

admin_mugalzhar

БАҒА, ТАРИФ ЖӘНЕ ЖАЛАҚЫ: ҚАҢТАРДА НЕ ҚЫМБАТТАДЫ

admin_mugalzhar

МАЛ БАҚҚАНҒА ЖОҚТЫҚ ЖОҚ

admin_mugalzhar