«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбеде шегірткеге қарсы өңдеу жұмысы аяқталып қалды

Биыл 500 мың гектардан астам жер өңделуі тиіс. Қазіргі кезде жоспар 93% орындалды. 

Ақтөбе облысы бойынша 513 мың гектар жер шегірткеге қарсы өңделуі тиіс. Бұл жұмыс шілде айының 10-15 күндері аралығында толық аяқталады.

— Егінге, шабындыққа, жайылымға қауіп жоқ. Шаруалардан да шағым түспеді. Қазір мен Ойыл ауданында жүрмін. Шөптің шығымы өте жақсы, шегірткеден қауіп көрінбейді. Әйтеке би, Хромтау және Ойылда улау жұмыстары жалғасып жатыр. Шегіртке шыққан кезде уланады, жаппай шығын жоқ. Тағы бір айта кетейін, 513 мың гектардың бәрін өңдеу мақсат емес. Шегіртке болмаса ол жерге у себілмейді, 
— деді АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Асылхан Әбтиев.

Айта кетейік, улау жұмысы Ақтөбеде мамыр айында басталды. Ал былтыр Ақтөбе облысында 820 мың гектардан астам жер өңделді. Әсіресе Ресеймен шекаралас аудан ауылдарында дернәсілдер табылып, уланды.

Дереккөз: inform.kz

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар жаңа жыл мерекесінде қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

Білім министрі соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты

admin_mugalzhar

ЕҢБЕК: НЫСАНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.