«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛҒЫС ЖАУҒАН КҮН…

 

Елімізде 1 наурыз — «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтіледі. Алайда, қазақ халқы ертеден кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған дана халық. Алғыс айту арқылы адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Кезкелген мұңайып тұрған адам бұл сөзді ести сала, көңілі жібиді, жадырап шыға келеді. Осындай мерейлі күні мұғалжарлық тұрғындар өздеріне жақын, жақсылық көрген адамдарына алғыстарын жаудырды…

Алима Апендина, Алтынды ауылының тұрғыны

— Мен Алтынды ауылындағы «Балапан» бөбекжай бақшасының қызметкерлеріне алғыс айтамын. Қымбатты «Балапан» бөбекжай-бақшасының ұжымы! «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгінгі еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Сіздер өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар мен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын. Кулумшина Ақмарал бастаған ұжымға алғыс айта отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға бақыт, еңбекте жемісті болуларыңызды тілеймін!

Ұқсас ақпараттар

БІР СУРЕТТІҢ СЫРЫ

admin_mugalzhar

Үнзила Шапақ: Жаңа Конституция жобасында тарихымыз алғаш рет мызғымас ұлттық құндылық ретінде танылды

admin_mugalzhar

Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмайтын жаңа қосымша әзірленді

admin_mugalzhar