«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КӨРМЕ ӨТТІ

17 наурыз — «Тарихқа тағызым» күні

Мұғалжар аудандық орталық кітапханасында «Дәстүрлер жаңғырығы» атты этнографиялық көрме өтті. «Коворкинг» орталығында ұйымдастырылған көрмеге салт дәстүрді дәріптейтін ұлттық ыдыс-аяқтар, киіз үй көрінісі, бесік жасаулары, түрлі ұлттық бұйымдар қойылды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, ерекше ұйымдастырылған инсталяциялық көрменің бір бөлігіндегі киіз үйде кітап оқып отырған қариялардың бейнесі жас ұрпақты кітап оқуға, білімді болуға ынталандыру мақсатында жасақталған. Сонымен қатар көрмені тамашалауға келген оқырмандар «Қазақтың сәндік қолтаңбалы өнерінің шетелдегі жәдігерлері», «Ұлт жауһарлары», «Зергерлікөнерәлемі», «Ою-өрнектер» атты қолөнер шеберлерінің туындылары мен салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты дәріптейтін құнды кітаптар сөресін тамашалап, қызықты мәліметтермен танысты. Көрме соңы халық әні «Дедімайау» әнімен аяқталды.

Н. КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

3 мың қазақстандыққа жалдамалы баспана үшін субсидия беру мақұлданды

admin_mugalzhar

САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ МАҢЫЗДЫ!

admin_mugalzhar

Телефонды көп ұстаудың зияны

admin_mugalzhar