«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАУРЫЗ ЖАҢА МАЗМҰНҒА ИЕ БОЛАДЫ

Мен өткен ғасырдың 50-ші жылдары дүниеге келген ұрпақтың өкілімін. Соғыстан елдің енді есін жиып, халық шаруашылығы бейбіт тірлікке көше бастаған кез. Менің балалық шағым тың көтеру жылдарына тап келді. Ауылдың адамдары еңсесін тіктеп, келешекке сеніммен қарайтын заман туды, тіршілік те біртіндеп оңала бастады. Наурыз ол кезде біздің 17-ші ауылда тойланбайтын. Бірақ мына жайтты айтпай кетпеске болмайды: әлі есімде, қар еріп, көктем шығысымен ауылдың ақсақалдары бір-біріне қонаққа баратын. Менің топшылауымша, бұл ел ішінде бүгінге дейін сақталып келген қысқы соғымнан дәм таттыру салты болса керек. Біздің ауылдың шалдары ірі де, келісті еді. Ал есімдері қандай! Әлі есімде: Қаулан, Ипатыш, Балағұл, Балықбай, Көпес, Төлеубай, іштерінде менің сүйікті атам Балмахан да бар, мен одан бір қадам да қалмаймын, ол қайда барса, мен де сонда барамын. Мен үшін шалдардың отырысы өз алдына бір мектеп болатын. Мені бәрінен де қызықтыратыны — олардың әңгімелері. Тақырып ауқымы саналуан, өткен заман аңыздарынан бастап, бүгінгі ауыл тірлігі де молынан қамтылатын. Ешкім де сөйлеушінің сөзін бөлмейтін, қайта кейбір тұсын өз пікірімен қостап, ортақ әңгімені одан сайын жандандыра түсетін… Биыл мемлекет басшысы Қ.Тоқаев ел тарихындағы елеулі мерекені құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол бермей, мағыналы, мазмұнды түрде өткізуді ұсынды. Наурыз мейрамының әр күнін мағыналы атауына сәйкес өткізсек, нұр үстіне нұр. Мысалы, маған, әсіресе, «Шежіре күні» — 16 наурыз айрықша күн сияқты. Осы күні отбасында балаларымызға жеті атамыз, жалпы шежіре туралы мағлұматтар берсек, дүниеден өткен ата-бабаларымызды еске алсақ… Ал «Жоралғы күні» — 23 наурызда тума-туыстармен қауышып, қал-қадірімізше жора-жоралғыларды орындасақ, қолымызды кім бөгейді?… Және де көптен іште бүккен ойымды айта кеткім-ақ келеді – Наурыз біздің өңірде климаттық жағдайларға байланысты кейінірек, мамыр айында өткізілсе? Жер аяғы кеңіп, мамыражай күндері тойланған мерекенің сәні кірері сөзсіз.

Нағашыбай БАЛМАХАНҰЛЫ, ақын, аудармашы, журналист.

Ұқсас ақпараттар

Борышкер мұғалжарлықтардан 2 миллион теңгеге жуық айыппұл өндірілді

admin_mugalzhar

НАЧАТО АСФАЛЬТИРОВАНИЕ ДОРОГИ ОТ 52 КМ ТРАССЫ ДО ГОРОДА КАНДЫАГАШ

admin_mugalzhar

Экологияның жақсаруынан Үндістан тұрғындары алғаш рет Гималайды анық көрді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.