«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАҢШОЛПАН ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ

«ҚЫЗДЫҢ КӨРКІ ӘШЕКЕЙ» ДЕЙДІ ХАЛҚЫМЫЗ. ЕРТЕРЕКТЕ ҚАЙЫН СІҢЛІСІНЕ «СЫРҒАЛЫМ», «ШАШБАУЛЫМ», «АҚМОНШАҚ» ДЕП АТ ҚОЙҒАН ЖЕҢГЕЛЕР ҰСТАНҒАН БҰЛ ДӘСТҮР АРУЛАР ТАҒЫНАТЫН ӘШЕКЕЙЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АЙҚЫНДАЙ ТҮСЕДІ. БҮГІНДЕ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ЕРТЕДЕН ЖЕТКЕН ӘШЕКЕЙ БҰЙЫМДАРДЫ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒА САЙ ТҮРЛЕНДІРІП, ӨЗІНШЕ БІР ЕРЕКШЕЛЕНДІРДІ. ӘДЕМІ ТАСТАРМЕН КӨМКЕРІЛГЕН, СӘНДІ ӘШЕКЕЙ ДАЙЫНДАЙТЫН ШЕБЕРЛЕРДІҢ БІРІ — ТАҢШОЛПАН РАШИДҚЫЗЫ.

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз Таңшолпанға шеберлік туған әжесінен берілген, кішкентай кезінен ісмерлікке құмар болып өсті. Оның қолынан шыққан қолөнер туындылары, яғни орамал, алқа, сырға, білезіктеркөздіңжауыналады. Ол алғаш рет қалыңдықтың басына киетін тәж дайындап, қол үйретеді. Жасаған дүниесі көңілінен шығып, қолынан келген істі әрі қарай жалғастыруды жөн көріп, қазақи нақыштағыбұйымдардыжасаудыжалғастырады. — Әйел адамның үй тірлігі, отбасы қамынан бөлек өзі сүйіп жасайтын ісі, айналысатын қосымша жұмысы болғаны жақсы. Өзімнің білгенімді, әрі қарай дамытып отырамын. Басында қазақи нақыштағы алқалар жасадым. Одан әрі орамалдар сәндеп, тігіншілікпен айналыстым. Әжемнің көзін көрмедім, алайда оның дайындаған өрнекті әшекей бұйымдары бүгінде менің қолымда. Мен оны әжемнен қалған баға жетпес құнды мұраға санап, әлі күнге дейін көзімнің қарашығындай сақтап жүрмін, — дейді Таңшолпан. Шебердің қолынан шыққан бұйымдар Наурыз мерекесі қарсаңында сұранысқа ие болатын көрінеді. Ол алдағы уақытта қазақи бұйымдардың жаппай сәнге айналатынына сенімді. — Бүгінде жас келіншектер тарапынан оюлы орамалға тапсырыс көп түседі. Осыған қарап отырып, жастардың қазақылыққа бет бұрып келе жатқаны мені қуантады. Алдағы уақытта ұлттық әшекейлеріміздің әлемдік сәнге айналарына күмәнім жоқ, — дейді қолөнер шебері. Таңшолпан Рашидқызы қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол түрлі деңгейде ұйымдастырылған қайырымдылық шаралар мен көрмелерге қатысып, қолынан шыққан туындыларын сатып, тапқан қаржысын көмекке мұқтаж жандарға жұмсайды. Жүрегі мейірімге толы, қолы алтын жас ана — бүгінде екі бүлдіршін тәрбиелеп, ата-ененің батасын алып, бір шаңырақтың түтінін түтеткен ибалы келін.

Аяжан ТҮНҒАТАРОВА, оқушы

Ұқсас ақпараттар

Бірлігімізді көрсететін уақыт екеніне тағы бір мәрте көз жеткіздік – Ербол Данағұлов

admin_mugalzhar

Гульдана на страже порядка

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ САЙЛАНДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.