«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Билл Гейтс пандемияға қатысты жаңа болжам жасады

Microsoft негізін қалаушысы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылдың соңына дейін аяқталмайтынын айтты. Миллиардердің айтуынша, вирустың таралуын вакцинация тоқтатады. Бұл туралы ол TVN24 телеарнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тілшінің сұрағына жауап бере отырып, Билл Гейтс бүкіл әлемдегі шектеулер барлық мемлекет COVID-19-дан толық арылғанша сақталады деп мәлімдеді.

«2021 жылдың соңына дейін вакцинация деңгейі жоғары болуы мүмкін, сондықтан коронавирус жұқтыру дерегі азая бастайды. Дегенмен толық жойылып кетпейді. Бірақ бүкіл әлем пандемиядан арылғанша, маска тағу және көп адамның жиналуына тыйым салу сияқты шектеулер қала береді», — деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, әлем 2022 жылдың соңына қарай қалыпты өмірге оралады.

Сонымен қатар, ол пандемияға қатысы бар деген қауесетті тағы да жоққа шығарды және әлемде болып жатқан оқиғаларды қастандық деп санайтын адамдарға жауап берді.

«Мұның бәрін қастандық деп санап, маска тақпайтын немесе вакцинациядан бас тартатын адамдарды түсінбеймін»,-деді миллиардер.

Бұған дейін Билл Гейтс пандемия бүкіл әлемде аяқталуы үшін адамдар жеткілікті жұмыс істеп жатқан жоқ деп мәлімдеген болатын.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда мұқтаж жандар үшін жалдамалы пәтердің 80%-ы төленуі мүмкін

admin_mugalzhar

Шетелдіктер Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тестпен ғана кіре алады

admin_mugalzhar

Тоқаев әлеуметтік көмек көрсетуде әлі күнге дейін нақты ұстаным жоқтығын айтты

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.