«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОҚУШЫЛАР МЕКТЕПКЕ БАРА МА?

Еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов сәуір айынан бастап мектеп оқушыларының оқу форматына қатысты өзгеріс енгізілген жаңа қаулыға қол қойған болатын. Қаулыда «2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанын әр өңірде бала саны 300-ден аспайтын мектептерде оқу дәстүрлі форматта өтеді. Сыныптағы оқушы саны 25-тен аспауы керек» делінген. Алайда өңірдегі эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты білім ошақтары оқушыларының барлығы бірдей мектепке бара алмайтыны белгілі болды. Аудандық білім бөлімі мамандарының берген мәліметіне қарағанда, ІІІ тоқсанды мектептен аяқтаған 1-5 сынып оқушылары сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, сабақтарын аралас форматта жалғастырады. Ал осы уақытқа дейін бір сыныпта 15 адамнан аспайтын аралас форматта оқып келген мектеп бітіруші, 9,11-сынып оқушылары карантин шектеулерін қатаң сақтап, бір сыныпта 25 баладан оқитын болды. Жыл басынан бері онлайн форматта оқып келген 6,7,8,10-сыныпоқушылары VІ тоқсанды үйлерінде онлайн оқиды.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда күн жылынады

admin_mugalzhar

МУЗЕЙДЕ ӨТКЕН БІРЛІК КҮНІ

admin_mugalzhar

АМЕРИКАДАН ЖЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КЕРУЕНІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.