«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МОНИТОРИНГТІК ТОП 1642 НЫСАНДЫ ТЕКСЕРДІ МОНИТОРИНГТІК ТОП 1642 НЫСАНДЫ ТЕКСЕРДІ

Коронавирусты инфекцияның пайда болуымен таралуына жол бермеу, шектеу тәртіптерін түсіндіру мақсатында аудан аумағында құрылған мониторингтік топ өз жұмыстарын жалғастыруда. Олар халық көп шоғырланатын жерлерді аралап, сақтық шараларын түсіндіріп, орын алған заңбұзушылықтарға тосқауыл қоюда.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 4 мониторингтік топ жұмыс жасауда. Оның ішінде 3-уі Қандыағаш қаласында, 1-уі Ембі қаласында. Мониторингтік топ құрамында аудан әкімдігінің қызметкерлері, аудандықмәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бар. Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі Дархан Убайтжановтың айтуынша, облыстың «қызыл аймаққа» кіріп, карантиндік шектеулер күшейтілген уақыттан бастап, мобильді топтың мүшелері Қандыағаш қаласындағы 7 мейрамханаға және Ембідегі 4 мейрамханаға хабарламалар таратып, кәсіпкерлік нысандарды аралап, ескерту жұмыстарын жүргізген көрінеді.

— Жыл басынан бастап осы уақытқа дейін мобильді топ аудан бойынша 1642 кәсіпкерлік нысандыаралап, ҚРӘК 425 бабы бойынша 12 заңбұзушылық анықтап, 14 хаттама толтырды. Орын алған заңбұзушылық бойынша мейрамхана және той иесіне хаттама толтырылды. Барлық толтырылған 14 хаттаманың 10-на айыппұл салынды, 1-уі кері қайтарылып, 3-нің іс қағаздары қайтадан қарастырылуда, — деді Дархан Елмұратұлы.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Биыл Ораза қашан басталады?

admin_mugalzhar

Сәуірден бастап жасы 65-тен асқандар вакцина алады

admin_mugalzhar

Актюбинская область вновь вошла в «желтую» зону

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.