«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КІТАПХАНАДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қайыңды ауылдық кітапханасында «Жайлау күні» аталып өтті. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Қатысушылар назарына «Наурыздың символы — қызғалдақ» атты фотокөрме ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесін кеңінен насихаттауға бағытталған шарада ұмытылып бара жатқан ұлттық «бес асық», «ләңгі тебу» секілді ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар күн жылып, қар еріген сәттерде сенбіліктер жасап, ағаш отырғызу, бір күндік мерекені табиғат аясында өткізу туралы мағыналы әңгімелер айтылды. Қысы қатты Мұғалжар тауының бөктерінде орналасқан ауылдың балалары көп күттірген көктемді, жасыл жайлаудың суретін тақтаға салды. Ауылдың ақ жаулықты әжелері кітапхананың табалдырығын аттап, ұлттық тағамдардан ауыз тиіп, мерекелік тілектерін айтып, баталарын берді.

Н. ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Несиесін төлей алмаған қазақстандық не істей алады: Қаржы нарығын дамыту агенттігі түсіндірді

admin_mugalzhar

МОБИЛДІ АУДАРЫМДАР ТУРАЛЫ ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

admin_mugalzhar

«ҚЫЗМЕТТІК ҚАРУ» ІС ШАРАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.