Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге келген. Білімі жоғары, Евней Арстанович Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Шені — 2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Еңбек жолын 1991 жылы алдымен тағылымгер болып, содан кейін Теміртау прокуратурасының тергеушісінен бастаған.
1993-1996 жылдары — Бас прокуратура жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокуратураның аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі, Бас прокуратураның Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасы аймақтық тергеушілер бөлімінің бастығы болған.
1996-1997 жылдары — Мемлекеттік тергеу комитетінің Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасының бөлім бастығы, Мемлекеттік тергеу комитетінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1997-1998 жылдары — Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті тергеу басқармасының бастығы.
1998-2001 жылдары — Тергеу департаменті директорының орынбасарыжәнеӘділет министрлігінің Сот қаулыларын орындау комитеті төрағасының орынбасары.
2001 жылы — Бас прокуратураның Тергеу және анықтау органдарындағы заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы.
2003-2006 жылдары — Павлодар облысының прокуроры.
2006-2009жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.
2009-2012 жылдары — ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы.
2012 жылы — ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары.
2014-2016 жылдары — Атырау облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы,Атырау облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаментінің басшысы.
2016 жылдың 2 маусымынан бастап — Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болды.