«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ АЙНАЛМА ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бүгін Ақтөбе-Атырау бағытындағы республикалық маңызға ие тас жолдың Қандыағаш қаласы маңындағы екі жолақты айналма жол пайдалануға берілді. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев, ҚР мәжіліс депутаты Қазбек Әлішев, аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және Қандыағаш қаласының тұрғындары қатысты.
Бұл жоба «Ақтөбе-Астрахань» автожолының 52-шақырымынан 100-шақырымына дейінгі учаскені қайта жаңарту аясында жүзеге асырылды. Құрылыс жұмыстарын «Ассана ДорСтрой» ЖШС-і жүргізді.
Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев қандыағаштықтарды су жаңа тас жолдың ашылу салтанатымен құттықтап, облыстың күре тамыры саналатын жолдың ел экономикасы үшін маңызды екенін атап өтті.


-Бұл жолдың ашылуы өңір экономикасына серпіліс беретіні сөзсіз. Бүгінде бұл учаскеде мердігер компаниялар күні-түні жақсы жұмыс істеуде. Енді бұл жолдың игілігін мұғалжарлықтардан бөлек, темірліктер мен байғаниндіктер де көреді. Бүгін айналма жолды пайдалануға беріп тұрмыз. Жақын арада Қандыағаш қаласының кіреберіс жолы жөнделіп, пайдалануға берілетін болады, — деді ол.
Айналма жолдың ресми ашылуында Қандыағаш қаласындағы «Шапағат» ауруханасының бас дәрігері Аманжол Адаев батасын беріп, жолаушыларға сәттілік тіледі. Жиналғандар ашық аспан астында жайылған дастархандағы дәмнен ауыз тиді. Бұдан әрі көпшілік айналма жолдың ашылу рәсімін тамашалады. Жаңа жолдан патрульдік полиция көліктері бастаған бірыңғай «КамАЗ» жүк көліктері жүріп өтті.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Қандыағаш» учаскесінің жалпы ұзындығы 100 шақырым. Аталған учаскені қайта жөндеу жұмыстарын екі мердігер компания жүзеге асырады. Тасжолдың 11-52 шақырымын жөндеуге жауапты мекеме түріктің «Сине Мидас Строй» компаниясы болса, 52-ші шақырымынан Қандыағашқа дейінгі аралықты жергілікті «АссанаДорСтрой» компаниясы салуда. Бұл көлік дәлізі елімізді Ресеймен байланыстыратын маңызды бағыт саналады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда тұрғын үй бағасы 25 пайызға қымбаттады

admin_mugalzhar

АУДАНДЫҚ АУРУХАНАДА ЭНДОСКОПИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 62 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОТБАСЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.