Бір сексеннен асқан қарияның күнделігінің соңғы бетінде «Армандадым»-деген сөз жазылып тұр екен. Не армандады екен? – деп қызыға оқыдым.
Мен оныншы класты бітірсем,қалаға барып жоғарғы оқу орнына оқуға түссем – деп армандадым. Алла жастың тілегін береді екен, оқуды да бітірдім. Көркіне ақылы сай бір қызға үйленсем, балалы-шағалы болсам. Менің тілегім тағы да орындалды. Жақсы бір жар кездесіп, ұлды-қызды болдым. Одан әрі, шіркін пәтерім болса дедім, оған да қолым жетті. Балалар өскен сайын, пәтерімізге сыймай тағы да Уа,Аллаxым, маған үлкен жақсы бір үй берсе, мәшинем, гаражым болса – деп армандадым. Оған да жеттім. Кейін осы балаларымды үйлендірсем, қызымды ұзатсам, құда-құдандалы болсам деп едім, ол арманым да орындалды.
Адамда арман таусылмайды екен. Немере той жасасам-деп едім,ол тойлар да өтті дүркіреп.
Бір күні осының бәріне шүкіршілік жасап, осыншалықты жақсылық, қуаныш сыйлаған Аллаға ризашылығымды білдірейін – дедім.
Раббым-Алла, дінім-Ислам, кітабым-Құран, Пайғамбарымыз (с.ә.у.) болғандықтан, Құранды мен де жаттайын дедім. Оқысам, бұрынғы есте сақтау қабілетімнің нашарлап, Құранды жаттай алмайтынымды сездім. Кейін дәретімді алып, ниет етіп намазға тұрсам, аяқтарым денемді көтере алмады, үркі қылсам,қан қысымым көтеріліп, қант диабетім бар, намаз оқуға да жарамай қалыппын. Бұдан кейін пайғамбарымыз (с.ә.у.)нің сүннеті деп, дүйсенбі күні ораза ұстауға ниет етсем, түрлі сырқаттарымның көптігінен, ораза ұстауға да шамам келмеді.
Бірде пайғамбарымыздың (с.ә.у.) бір xадисін оқысам, жүрегіме қанжар салғандай болды. Хадисте -«Бес нәрсе басыңа келмей тұрып, бес нәрсені бағалай біл!» – делінген екен.
Біріншісі – Өміріңді өлім келмей тұрып бағалай біл! «Мен жаспын, маған өлім әлі келмейді» деп ойласаң, әулиенің, мазардың қасына бар. Ол жерде, бұл тек қарттарға арналған, деген жазу болмайды, ол жерде жас та, кәрі де, сәби де, бай да, жарлы да жатыр. Өлім айтып келмейді!
Жастығыңды қартаймай тұрып бағала! Бір күні бойыңнан, қолыңнан күш кетіп,еш нәрсеге жарамай қалғанда өкінетініңді ұмытпа.
Үшіншісі: Ауырмай тұрып,денсаулықтың қадірін біл! Оны ешқандай байлыққа сатып ала алмайсың!
Төртіншісі: Бос уақытыңның қадірін біл! Ең үлкен байлығың, ол сенің уақытың. Бүгінің ертең болады, ертеңің ешқашан бүгін болмайды! Күніге, күн шыққан кезде, бізге xабар береді екен «О,адам баласы,сенің өміріңде жаңа шыққан күнмін,сенің қылған амалыңа куәмін,менен қияметке дейін пайдаланып қал.Бүгінгі күн қияметке дейін келмейді! Бүгінгі күн тариx – деген осы.!
Бесіншісі: Қолыңда барды бағалай біл! Қырық жыл байлық,қырық жыл кедейлік жоқ -делінген екен.
Осының бәрін қолым қалтырап,жанарларым жасқа малшынып,өзегім өкініштен өртеніп,жүрегім алқымыма тығылып оқып шықтым,-депті қария.
Рамазан айында, уақытымызды бекерге өткізіп алмай,әр атқан таңымызды жақсылыққа,білімге, сауап істерге арнап, пайғамбарымыздың (с.ә.у.) сүннетіне амал қылайық!
Тәңір жарылқасын баршамызды…
(Интернет желісінен алынды)