«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Білім министрі соңғы қоңырау қалай өтетінін айтты

Қазақстанда 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау мектепте өткізілетін болды. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«25 мамырда осы уақытқа дейін оффлайн оқып келген 9 және 11 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау дәстүрлі түрде өткізіледі. Бұған қоса, 25 мамырға, соңғы қоңырауға, аттестация табыстауға бағытталған барлдық іс-шаралар санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі», — деді министр.

Ведомство басшысы мектеп директорларына, білім беру бөлімдері мен басқарма басшысыларына білім ошақтарындағы шараларды қауіпсіз түрде өткізуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

Патриотизм — ұрандату емес…

admin_mugalzhar

Ақтөбе-Қандыағаш тас жолының екі жолағы ашылды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar