Ақтөбе облысында Ashyq жобасына қатысушы нысандардың қатары 300-ге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24». Олардың арасында төтенше жағдай кезінде ісі тоқтап, шығынға батқан кәсіпкерлік ұйымдарының үлесі басым. Мұның тиімділігі – індеттің таралуына орай өңірде қатаң локдаун енгізілсе де, тиісті алгоритмге сәйкес нысан жұмысы жалғаса береді. Бүгінде театр, мәдениет үйлері және концерт залдары секілді мемлекеттік мекемелер де жобаға қатысуға ниет білдірген. Қазір 102 нысанда мобильдік қосымша тестілеуден өтіп жатыр.
Рахат Тәжібаев, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
— Бұл Ashyq қосымшасының бір тиімділігі – сол объектілердің «қызыл» немесе «сары» режимге қарамастан жұмыс жасауы. Сол объектіге барған жеке тұлға егер де мобильдік Ashyq бағдарламасы бар болған жағдайын білсе, ешқандай да коронавирустық инфекция таратылмағанын және ол жерде ешқандайда инфекциясы бар адамның жоқтығы туралы өзіне қауіпсіздігі жағынан тиімді деп есептейміз.
24.kz