«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Әлемдегі ең үлкен айсберг Антарктидадан бөлініп шықты

Жақында әлемдегі ең үлкен айсберг Антарктикадан бөлініп шықты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұған жердегі «Сентинел-1» бақылау спутнигінен алынған мәліметтер дәлел. Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) мәліметі бойынша, ауданы 4320 шаршы шақырым болатын алып айсбергті британдық және американдық ғалымдар Sentinel-1 ғарыш кемесінің суреттерін талдап тапқан.

ESA А-76 деп белгіленген айсбергтің ұзындығы 170 шақырым, ені 25 шақырым екенін атап өтті. Бұл әлемдегі ең үлкен айсберг (ол Испанияның Майорка аралынан сәл үлкен). Ол Антарктидадағы Ронне мұз қайраңының батыс ұшын бұзып, қазір Уэддел теңізіне жылжып барады.

Фото:esa.int

Ғарыш агенттігінің хабарлауынша, алдыңғы рекорд А-32А айсбергіне тиесілі, ауданы шамамен 3880 шаршы шақырым, сонымен қатар ол да Уэддел теңізінде орналасқан.

«Адырна» ұлттық порталы

Ұқсас ақпараттар

1,7 млн астам адам Ердоғанның Ыстанбұлдағы сайлауалды митингіне қатысты

admin_mugalzhar

СУ ТАСҚЫНЫ: ЗЕРДЕЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Актюбинские аграрии стали эффективнее работать

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.