«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӨЗІҢ СЕН, ӨЗІҢДІ АЛЫП ШЫҒАР…

Адам қазба байлық секілді. Жер астындағы байлық жер бетіне шыққан сәтте-ақ оның құны артады. Адам Ислам дінін ұстанған сәттен бастап, оның тұлғалық қасиеті, адамгершілік қарым-қатынасы көркем деңгейге жетеді.
Адамға, әсіресеер-жігіттің тұлғасына көрік беріп тұратын құндылықтың бірі — өзіне сенімділік. Сенімділік — кез келген кісіге қажет қасиет. Бұл — барлық адамның бойынан табыла бермейтін сипат. Сенімділік сипаты дүние есігін ашқан сәтте, яғни сәби кезде пайда болады екен. Алайда күнделікті өмір тіршілігінде кездесетін әртүрлі «тыйымдар» мен кейбір факторлар сенім дейтін алапат күшті әлсірете бастайтын көрінеді. Оның соңы мынадай түткілді жағдайларға әкеп соғады.

Сындарлы сәтте сынып қалу. Өзіне сенімсіз пенде күйгелек келеді. Күйгелек кісі кез келген сынақ сәтіне шыдас бермей, шайқалып қалуы әбден мүмкін. Кісінің өзөзіне сенімсіздігін көрсетіп қоятын факторлар мыналар: ащы сын, топ алдында тұрғанда төтенше қойылған сұрақтар, мәселемен бетпе-бет келгенде қобалжу, білмейтін нәрседен үнемі қашқақтау, нақты шешім қабылдай алмау, әрдайым екіұшты пікірде болу, ойға алған ісін кейінге шегере беру, идея айтудан қорқу, артқы орынға отыру, ашушаңдық, анық сөйлемеу, жалқаулық, т.б. Осы ретте «артқы орынға отыру» деген нәрсеге тоқталып кетсек. Мектепте оқып жүрген кезімізде кейбір оқушылар ең соңғы партаға отыруға ерекше «ықылас» танытатын. Сөйтсек, сабақ айтудан жалтарғанадам «артқышепті» паналап, өзінше «қорғанады» екен. Сабақ үлгерімі нашар оқушының артқы партаны «аңсап» тұратынәрекетінің «сырын» сезгендей боласың. Ал үздік оқушы мұғалімнен тайсалмай, ең алдыңғы партаға отыруға асығады. Сенімділік деген сипат мектеп қабырғасында көрініс табады. Сондықтан ұл мен қызымызды алдыңғы партаға отырғызуға барымызды салуымыз керек… Идея айтудан жасқану. Біздің байқап жүрген бір дүниеміз бар. Көп жағдайда балаға бала ретінде қараймыз. Оған қатысты қарым қатынасты «сен үндеме, айтқанды істе» деген «формулаға» сала береміз. Баламен әріптес, дос ретінде сөйлесу – оның өз ой-пікірін ашық айтуына мүмкіндік туғызады. Кішкентайынан пікірін айтып, ата-анасымен ашық сөйлесіп өскен бала шешім қабылдайтын шаққа жеткен кезде өзіне сенімді болады. Шешім қабылдаудан қорқу. Бала дейміз-ау, кейде өзіміз солардың деңгейінетүсіп кетеміз. Бір істің көзін біле тұра, нақты шешім қабылдауға келгенде оны кейінге шегере береміз . Сенімділік сипатын бойына сіңіре алған адам істің көзін көрген сәтте шешім қабылдап, табысқа кенеледі. Ісі сәтсізболса, ол үшін өкінбейді. Сәтсіздікті «мен үшін тәжірибе болды» деп қабылдайды. Білмейтін нәрседен үнемі қашқақтау. Мәселен, кейбір адам үшін тіл үйреніп, техника жүргізу — нағыз күйзеліс. Қинаса да сол нәрсеге жақындамайды. Одан барынша бойын аулақ ұстайды. «Маған қатысы жоқ іс» деп түсінеді. Міне, осысөз — өзіне сенімсіз адамның аузынан шығатын дүние екен. Қиналса да білмеген нәрсені өзіне бағындыру — нағыз сенімді адамның сипаты. Анық сөйлемеу. Өзіне сенімсіз адамның айтқан сөзі де түсініксіз болып қалады. Анық сөйлеуді бала кезден үйренудің пайдасы көп. Кішкентай кезімізде үлкендер тарапынан: «Мыңқ-мыңқ етпей, анық сөйле, сөзің нық болсын!» деген ескертпелерді жиі еститінбіз. Енді ойланып қарасақ, бұл сөздің де жаны бар екен. Сыннан қорқу. Мәселен, адам өзінің әлсіз тұстарын жақсы біледі. Бірақ оны мойындағысы келмейді әрі өзгелердің білгенін қаламайды. Өзінің әлсіз тұстарын түзетуге тырыспаған кісі сенімсіздікке есік ашады. Өзінеайтылыпқалатынсыннан қорқудың сыры осында жатса керек. Осы ретте өз-өзіне сенімді болудың жемістері мен пайдалары туралы айтып өтсек. Өзгені бір пікір аясында қанағаттандыру. Бұл — ел басқару, үгіт-насихат саласында қызмет ететін тұлғаларға ауадай қажет құндылық. Өз сөзіне сеніп тұрған тұлғаның пікіріне иланасың. Кісінің келбеті бәрін «білдіріп» тұрады емес пе? Өтірік айтып тұрған кісі мен имандай шынын жеткізіп жатқан жанның әңгімесі бірден білінеді. Өз позицияңда тұрақты болу. Саяси ұстанымдар мен өмір сүру салты сәт сайын құбылған мына заманда өзіңнің адамгершілік һәм азаматтық позицияңда тұру — оңай іс емес. Әйткенмен, біреу «әй» десе де өз пікірінде қалатын азаматтар баршылық. Бұл — үлкен жетістік. Сананы тұрмыс билеген қазіргі кезде жағымсыз жағдайға байланысты пікір айту былай тұрсын, үндемей-ақ қарсылық танытқан кейіпте қалудың өзі «ерлікке» пара-пар іс… Өзін бақытты сезіну. Өзіне сеніммен қараған адам әрқашан бақыттың балдай дәмін татып жүреді. Мына жалғанда пенденің «әттегенайы» біткен бе?! Қайда барсаң да, қандай нығметке бөленсең де — бір кем дүние. Қанағат деген сипатты бойына «жұқтыра» білген жан әр істен бақыт табады, сөйтіп жүрегіне тыныштық орнайды. Көркем түрде ісін үнемі жалғастыру. Кез келгеністіңміндетті түрде өз қиындығы мен сынағы болады. Онсыз табысқа жету мүмкін емес. Көркем мінезді әрі өзіне сенімді адам таудан аққан бұлақ секілді. Алдынан көлденең шыққан тасты айналып ағады және өз арнасынан тасымайды. Мақсатын айқындап алған тұлға алдына кезіккен кез келген кедергіні мүмкіндікке айналдырып, тоқтап қалудың емес, шығар жол табудың қамына кіріседі және оның нәтижесін көреді. Еңсені тік ұстау. Халқымызда «Бөрі аштығын білдірмес, сыртқа жүнін қампайтып» деген сөз бар. Міне, мотивация! Алла Тағала Құранда бірнеше жерде өзі қиналса да өзгеге алақан жайып, көмек сұрамайтындар туралы, ізгілікжолында біреулер қанша жерден кедергі келтірседееңсесінтік ұстайтындар жайлы айрықша атап өткен.
Біреудің болмашы жағымсыз әрекетімен сөзі бізді ұлы мақсатымыздан тайдыруға әсер етсе — әлсіздік танытқанымыз. Олардың деңгейіне түскеніміз — соларға «көмектескеніміз». Айналып келгенде, ұтылатын біз. Нағыз ер еңсесін тік ұстап, ертеңгі ісі үшін жабықпай, әрекет етеді. Осындайда Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының: Тәнкөмілер, көмілмесеткенісім, Ойлайтындай мен емес бір күнгісін. Жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін, — деген өлең жолдары еске түседі. Киімге, сырт келбетке, байсалды жүруге мән беру. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жүрісі шапшаң да, баяу да емес еді. Адамның сырт келбеті, киімі, жүрісі, сөзі оның тұлғалық қасиетін арттырып тұрады. Жүрістің нық болуы, сөздің анық шығуы — өзіне сенімді адамға тән сипаттар. Әрине, мұсылманада мең әуелі Аллаға сенеді. Кісінің кез келген жетістігі мен абыройы — Құдайдың құзырында. Пенде жақсы амал жасап, нәтижесін Аллаға тапсырады. Ал өз-өзіне сену — жеке өзімізге қатысты амалда тұрақты болу, табандылық таныту деген сөз. Біздікі — Абайша айтқанда: Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап, — деген ұстаным әр адамның өмірлік ұранына айналса деген ой.
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ, «Мұнара» газеті, №1, 2020 жыл

Ұқсас ақпараттар

Сенат зейнетақы ақшасын алу тәртібіне өзгеріс енгізді

admin_mugalzhar

Пластик ыдыстар денсаулыққа зиян ба?

admin_mugalzhar

Дәрігер кешегі тамақты жылытып жеудің зиянын атады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.