«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ел азаматтарына Оңтүстік Кореяға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Оңтүстік Кореядағы ахуалды жіті қадағалап отырмыз. Өткен тәуліктің ішінде одан арғы күнге қарағанда өсім қарқыны шамамен 48 пайызды құрады. Бұл өте жоғары қарқын саналады. Өкінішке орай, арту тенденциясы байқалады. Қытайда өсімнің ең жоғары қарқыны тәулігіне 65-70 пайыз болған еді. Сондықтан егер жағдай күрделеніп, пациенттер саны мен өсім қарқыны қауіп төндіретіндей болса, онда біз батыл шаралар қабылдаймыз. Бүгінгі күнгі мәселе қайтып келгендерді карантинге жатқызу болып отыр. Шекараны жаппағанмен 1 наурыздан тасымал санын қысқартамыз. Мүмкіндігінше ол жаққа бармауға кеңес береміз. Өйткені, олардың барлығын кейін алып келуге тура келеді. Қазіргі уақытта қанша азаматымыздың елге оралғысы келетіндігі туралы мәселені талқылап жатырмыз. Әзірше Кореяда қауіп деңгейі айтарлықтай жоғары емес», — деді министр БАҚ өкілдерімен кездесуінде.

Оның дерегінше, бүгінде Оңтүстік Кореяда 30 мың Қазақстан азаматы жүр.

«Айталық, олардың 25 мың елге оралғысы келеді. Ал бұл өте үлкен мөлшер. Бізде жұқпалы аурулар ауруханаларында резервтік орындардың саны шамамен 7 мың ғана. Бұған қоса, шамамен 3,5 мың медициналық ұйымды карантинге айналдыра аламыз», — деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, бұл орындар да жетпей жатса, онда шетелден келген азаматтар оқшауланады. Оқшуланған адамдарға қолайлы тұрмыстық жағдай жасалады.

«Бұл бас бостандығынан айыру емес, тек карантин ғана. Айрықша жайттарда қабылданатын шара. Біздің ойымызша, көп жағдайда үй карантинінің өзі де жеткілікті болады. Өйткені, 14 күннен кейін біз оның ауырғанын не ауырмағанын біле аламыз. 14 күн күннен кейін ауру жұқтырмағанына, қауіптің жоқтығына көз жеткізгеннен соң карантинды жалғастыру қажет болмайды», — деді ол.

Ұқсас ақпараттар

227 елді мекен қауіпті аймақта тұр — ТЖМ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ БЕЛЕС!

admin_mugalzhar

Олимпиадашыларды қолдау мақсатында Ақтөбеде шаңғы жарысы өтті

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.