«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

170 БАЛА САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНДА ЕМ АЛДЫ

АУДАН БОЙЫНША 243 БАЛА МҮГЕДЕКТІГІМЕН ТІРКЕУГЕ АЛЫНҒАН. ОНЫҢ 209-Ы 16 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ, 34-І 16-18 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ БАЛАЛАР. ОЛАР ЖЫЛ САЙЫН ЕМДЕУ-САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ЖІБЕРІЛІП, УАҚЫТЫЛЫ ЕМ-ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАП ОТЫРАДЫ.

Биыл аудан бойынша 170 бала емдеу-сауықтыру орталықтарына барып, ем қабылдаған. 34 бала «Аяла» медициналық орталығына, 13 бала «Дару» сауықтыру орталығына, 35 бала Ақтөбе медициналық орталығына, 2 бала «Көз жарығы» емханасына, 5 бала Алға қаласына жолданған. Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ана мен бала» орталығына-8, Ұлттық БДО-ға-1, Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясына-2, ННЦ-ға-3, Хирургия институтына-1, Алматы сауықтыру орталығына-10, «Ақбөбек» балалар сауықтыру орталығына-44, Мұғалжар ауданық ауруханасына-12 бала жіберіліп, емделген. Аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Айбек Сүгіровтің берген мәліметіне сүйенсек, осы жылы 7813 бала скринингтік тексеруден өткен. Тексеру барысында 64 баладан алғашқы аурушаңдық белгілері анықталған.

— Бүгінгі таңда балаларда көздің көруінің нашарлауы жиі байқалады. Оған себеп — балалардың ұзақ уақыт телефон мен теледидар қарауы. Бұдан бөлек көк еттің жыртылуы, қан аздық, аллергия, семіздік секілді аурулар да көптеп кездеседі, — дейді ол.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандағы бірқатар өңірде ТЖ режимі алып тасталады

admin_mugalzhar

«ҚАЗАҚСТАН ДАУЫСЫ»: МҰҒАЛЖАРЛЫҚ МИРЖАН КЕЛЕСІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«EXCELLENT» ОҚУШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.