-Мен «Мұғалжар» газетінде 2013- 2017 жылдар арасында қызмет атқардым. Сол аралықта жалпы газеттің тыныс-тіршілігін меңгеріп қана қоймай, өзіме қызықты сәттерді де толықтырдым. Негізі басылым бетінде аудан өміріндегі жаңалықтармен қатар, өндіріс, ауылдың тынысы, кәсіпкерлер ісін, тәжірибесін кеңінен көрсетіп, ауданның саяси-әлеуметтік саласындағы, экономикасындағы жаңалықтарға ден қойып, дер кезінде оқырманға жеткізу жолында еңбектендім. Баспасөздің негізгі күші де осы деп білемін. Ең алғаш жазған мақалам күнделікті балалардың алданышы болып жүрген ойыншықтарының пайдасы мен зияны турасында болатын. Осы мақалам жарыққа шыққанда, қатты қуанған едім. Әрине, бастапқыда оңай болған жоқ. Маған жол көрсетіп, ақыл-кеңестерін беріп, әрдайым қолдап жүрген әріптестерім болды. Қазіргі таңда басқа салада қызмет атқарып жүрсем де, әр апта сайын басылымды күтіп отырамын. «Мұғалжар» газеті көркейе берсін. Оқырмандары көбейе берсін!